Пайдалы кеңестер

212 0

1 қарашадан бастап Қазақстанда аяқ киімнің міндетті цифрлық таңбалануы енгізіледі

   Шешім сала өкілдерімен консультациялардың нәтижелері бойынша қабылданды. 2021 жылғы 1 қарашадан бастап таңбаланбаған аяқ киімді өндіруге және ҚР аумағына әкелуге тыйым салынады, ал бөлшек бизнесте таңбаланбаған тауардың қалдықтарын сату үшін 2022 жылғы 1 қарашаға дейін қосымша жыл болады, деп хабарлайды Цифрлық экономиканы дамыту орталығының баспасөз қызметі.  

   Бұрын міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылдың шілдесінде енгізіледі деп болжанған болатын, бірақ көптеген импорттаушылар күзгі-қысқы маусымға шетелдік өндірушілерден тауарларға алты ай бұрын тапсырыс береді. Сондықтан көктемде тапсырыс берілген таңбаланбаған аяқ киімнің ҚР шекарасын 1 шілдеге дейін кесіп өтпеу қаупі туындады.   

Бизнестің инновацияға мұқият дайындалуы үшін бес ай және таңбаланбаған тауарлардың қалдықтарын сату үшін бір жылдан астам уақыт бар. Кәсіпкерлер үшін тәулік бойы цифрлық таңбалау бойынша жедел желі жұмыс істейді. Цифрлық экономиканы дамыту орталығы үнемі мамандандырылған вебинарлар өткізеді, сала өкілдеріне жеке кеңестер береді. Аяқ киімді цифрлық таңбалау туралы пайдалы ақпарат markirovka.kz мамандандырылған порталда орналастырылады. Сондықтан әрбір өндіруші мен импорттаушының нарықтағы жұмыстың жаңа ережелеріне мұқият дайындалу мүмкіндігі мен уақыты бар", - деді Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева. 

  Міндетті цифрлық таңбалауды енгізуге кеден қоймалары да дайындалуда. Олардың аумағында кедендік рәсімдер кезінде шетелдік дайындаушы зауыттарда таңбаланбаған тауарға Data Matrix цифрлық коды бар стикерлер немесе этикеткалар қолданылатын болады.  

  Тауарларды цифрлық таңбалау - бұл ЕАЭО деңгейінде іске асырылатын ұлтаралық жоба. Аяқ киім саласы ҚР-да міндетті цифрлық таңбалау енгізілген алғашқылардың бірі болды. Мұндай шешім нарықтағы контрафактілік деңгейін ескере отырып қабылданды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша аяқ киімнің көлеңкелі нарығы жалпы көлемнің шамамен 48,5%-ын құрайды. Аяқ киімнің цифрлық таңбалануы нарықты "ағартуға" және оны контрафактіден тазартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, аталған шара қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы тұтынушылар таңбаланған тауардың түпнұсқалығын оңай тексере алады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: