Спорт

204 0

Қазақстан шахмат Олимпиадасында көш бастап тұр. Әбдімәлік әлемнің үздік шахматшысын жеңді

Шахматтан Қазақстан құрамасы Бүкіләлемдік онлайн-олимпиададағы жоғары дивизионда көш бастап тұр. Оның үстіне команда қытайлықтарды, ал Жансая Әбдімәлік төрт дүркін әлем чемпионы Хоу Ифаньды ұтты. Тағы бір қазақстандық Бибісара Асаубаева турнирдегі алты ойынды да жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Қазақстанның Қытайға қарсы ойыны онлайн-олимпиаданың төртінші кезеңінде өтті. Онда шахматшылар алты ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, тағы біреуін тең аяқтаған - 3,5-2,5. Әбдімәлік пен Асаубаевадан басқа Рамазан Жалмаханов та жеңіске жетті.


Бірінші кезеңде Қазақстан Грузияны жеңді - 4,5-1,5. Денис Махнев, Динара Сәдуақасова және Асаубаева Жалмахановпен бірге жеңіске жетті.

Екінші кезеңде Қазақстан құрамасы Сәдуақасова мен Асаубаеваның жеңісі арқасында Индонезиядан 3,5-2,5 есебімен басым түсті.

Үшінші кезеңде Румыния жеңілді - 4-2, ал Асаубаева мен Жалмаханов жеңіске жетті.

Бесінші кезеңде қазақстандық шахматшылар Арменияны 3,5-2,5 есебімен жеңді. Жеңімпаз партиялар Ринат Жұмабаев, Әбдімәлік пен Асаубаева активіне жазылды.

Ал алтыншы кезеңде Қазақстан құрамасы Грекияны жеңді - 5,5-0,5. Жеңіс Рүстем Хуснутдинов, Әбдімәлік, Гүлісхан Нахбаева, Қазыбек Нөгербек және Асаубаеваның есебінде.

Енді Қазақстан онлайн-олимпиадада топ-дивизионда 12 ұпаймен көш бастап, Қытайды екі ұпаймен басып озды. Қазақстандық шахматшылар Иран, Моңғолия және Австралиямен тағы үш ойын өткізеді.

Онлайн-олимпиадада жоғары дивизионның 40 командасы төрт топқа бөлінген, олардың әрқайсысында айналым бойынша турнир өтеді. Әр топтан үздік үштік іріктеу кезеңі, ширек финал, жартылай финал және финалдан тұратын плей-офф кезеңіне өтеді. Шахматтан онлайн әлем олимпиадасы Chess.com ойын алаңында қашықтан өтеді. Ол 15 қыркүйекте аяқталады.

Қазақстан құрамасының негізгі құрамына: Ринат Жұмабаев (халықаралық гроссмейстер), Денис Махнев (халықаралық гроссмейстер), Жансая Әбдімәлік (халықаралық гроссмейстер), Динара Сәдуақасова (Халықаралық әйелдер гроссмейстері), Рамазан Жалмаханов (халықаралық шебер) және Бибісара Асаубаева (халықаралық әйелдер гроссмейстері) кіреді.

Қосалқы ойыншылар: Рүстем Хуснутдинов (халықаралық гроссмейстер), Муртас Қажгалеев (халықаралық гроссмейстер), Гүлісхан Нахбаева (Халықаралық әйелдер гроссмейстері), Гүлмира Даулетова (Халықаралық әйелдер гроссмейстері), Қазыбек Нөгербек (ФИДЕ шебері) және Меруерт Қамалиденова (Халықаралық әйелдер шебері). Команда капитаны - халықаралық гроссмейстер Павел Коцур.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: