Әлем

248 0

Эльдар Уркумбаев АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан (Massachusetts Institute of Technology, MIT) шақырту алды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан (Massachusetts Institute of Technology, MIT) шақырту алды, деп хабарлайды edunews.kz Ақпарат Агенттігі. 

Бұл NIS IB тарихындағы алғашқы жағдай.

  • Мен Халықаралық Бакалавриат бағдарламасында оқып жатқандықтан, жоғары оқу орындарын талдау барысында АҚШ университеттеріне басымдылық таныттым. Маған негізінен академиялық еркіндік пен пәнаралық зерттеу қағидаларын ұстанған жоғары оқу орындары ұнайды. Ал бұл АҚШ-та жақсы дамыған. Оған қоса, MIT университеті АҚШ және әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі. МІТ қауымдастығының 88 мүшесі Нобель сыйлығының лауреаттары болып табылады. МІТ түлектері Google, Oracle, Amazon, McKinsey Accenture, Apple, Boeing и Microsoft сынды үлкен компанияларда қызмет етеді. Бұндай үздік, беделді университеттен шақырту алу мен үшін және менің отбасым үшін зор құрмет, - дейді Эльдар.

NIS IB-дің 12-сынып оқушысы өз болашағын биология пәнімен байланыстырып отыр. Эльдар биологиядан республикалық олимпиадаларға үш жыл қатысып, NIS тобының мүшесі ретінде бір алтын және екі күміс медальдарға ие болды. Сонымен қатар, ол 2018 жылдан бастап мектепте олимпиадалық биологиядан оқушыларға сабақ береді.

Болашақта Эльдар биологияның тар шеңберлі мамандығы бойынша магистратураға түсіп, шетелдік тәжірибе жинақтауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, QS университеттерінің әлемдік рейтингісі бойынша Массачусетс технологиялық институты рекордтық көрсеткішін жалғастырып келеді: ол тоғыз жыл қатарынан бірінші орында келе жатыр. Ол Гарвард, Стэнфорд, Калифорния, Оксфорд, Кэмбридж университеттерін басып озды.

Университет робототехника мен жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері бойынша ең таңдаулы болып саналады. Сонымен қатар, университет менеджмент, экономика, лингвистика, саяси ғылымдар және философия салаларын оқытуымен де танымал. 

Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: