Экономика

387 0

Президент: 2022 жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы өседі

Келер жылы елімізде ең төменгі жалақы 42500 теңгеден 60 мың теңгеге артады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

«Елімізде ең аз жалақы көлемі 2018 жылдан көтерілген жоқ. Әлемдік коронадағдарыс қазақстандықтардың табысына салдарын тигізді. Оның үстіне ең төменді жалақы көлемі бойынша Қазақстан ТМД-ның біраз елдерінен артта келеді. Осы орайда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы көлемін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіру туралы шешім қабылдаймын. Аталған бастама 1 млн-нан астам қазақстандықты қамтиды. Бұл өз кезегінде көлеңкелі жалақы мәселесін жойып, ел экономикасына оңтайлы әсерін тигізеді. Және сарапшылардың пікірінше бұл ЖІӨ-ді 1,5 есе артуына ықпал етеді», — деді Президент.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: