» » Журналистикаға келуіме мысық түрткі болды...

Журналистикаға келуіме мысық түрткі болды...

Журналистикаға келуіме мысық түрткі болды...Журналистикаға келуіме мысық түрткі болды... Иә, кәдімгі қарапайым мысық. ...Қыс. Екінші сыныпта оқимын. Сабақтан қайтып келе жатсам, бір мысық қалтырап тұр екен. Қатты аяп кеттім. Кейін құшақтап үйге әкелдім де, жылыттым, тамақтандырдым және әке-шешемнен ұрыс естідім). Сол күні мектептегі апайымыз еркін тақырыпта шығарма жазып келіңдер деп еді. Сүйкімді үй жануары қатты шабыттандырса керек, алғашқы туындымды соған арнадым. Туынды болғанда  3-4 сөзден тұратын бірер сөйлем. Бірақ соның өзі үлкен шығармашылыққа жол ашты. Қаңғыбас мысықтан басталған шығарма жылдар өте керемет өлең шумақтарына және мектеп сахнасына арналған пьесаларға ұласты. Сәйкесінше, мектеп бітіргенде журналист болуды мақсат тұттым. Өйткені, өз басыма бұл шығармашылық ізденісті одан әрі дамудың бірден-бір жолы сияқты көрінетін. Солай болып та шықты. Қазір небір министр, депутат, ғалым және қоғам қайраткерлерімен сұхбаттасып жүрміз. Ел үшін, қала берді, бүкіл әлем үшін маңызы бар оқиғалардың ортасынан тікелей эфирде хабар таратамыз. Күрделі де қызықты репортаждар дайындаймыз. Бірақ соның бәрі осыдан ондаған жылдар бұрын көшеде қалтырап тұрған мысықтан басталғанын ешкім білмейді. Өзім ғана оңаша қалғанда осының барлығын ой елегінен өткізіп, ішімнен қаңғыбас мысыққа алғыс айтып отырамын.
Дереккөз: 24.kz

Категория: Мен репортермін
Просмотров: 267
Похожие новости:
Ерекше мысық дүниеге келді

Ерекше мысық дүниеге келді

Қызылорда қаласына қарасты Қаракөл ауылында ерекше мысық дүниеге келді...
Геннадий Головкиннің қанатты сөздері

Геннадий Головкиннің қанатты сөздері

8 сәуір күні WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (34-0, 31 КО) туған күні. Оның алаңдағы жеңістері Қазақстан халқына мақтаныш сезімін сыйлайды, ал кішігірім...
Әлемдегі ең кәрі мысық Америкада тұрады

Әлемдегі ең кәрі мысық Америкада тұрады

Әлемдегі ең кәрі мысық Америкада тұрады...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар