» » «Майсызданған сүті» несі?

«Майсызданған сүті» несі?

«Майсызданған сүті» несі?Қолыма айран алып ішкелі отырғанымда көзімнің түсіп кеткені… Қорапшасына қарап қолыма қалам алуға тура келді. Бұл туралы anatili.kazgazeta.kz сайты жазады.
Әрі қарай: әлгі қорапшаның үш жақ – қапталына «Кефирные традиции» деп жазылыпты. «Кефирные традиции» деп жазылмаған келесі қапталына көз жүгіртейік. Соның бас жағы «Құрамы» деп басталады да. «Тұтас сүт. Майсызданған сүт…» деп кете береді.
Осыны жай қазақы тілменен табиғи, ­майсыз сүт деп жазу­ға болады ғой. ­Орыс­ша­дан сөзбе-сөз ­ау­дар­­­май-ақ. Әрі қарай: осыған қарама-қарсы жақ-қапталда ай­ран­ды қа­лай дайын­дау керектігі көр­се­тілген. Сонда: «айран дайындау дәстүрі 3000 жыл бұрын орнаған» деп жазылыпты.
Сол сөзді де орысшадан сөзбе-сөз аудармай-ақ айран дайындау дәстүрі осыдан 3 мың жыл бұрын пайда болған десе, әрі ұғынықты, тіпті тілге де жеңіл емес пе?!
Енді қорапшаның бір қапталындағы суретке қарар болсақ: тау, түрлі-түсті, дені ромашка гүлі. Сол жап-жасыл шөп аралас гүлдердің ортасында құмыраның суреті тұр. Енді логикалық тұрғыдан сәл-пәл ой жүгіртіп көрейікші. Құмыра, оған құйылған айран, егер ыдыс қисайса, ондағы сұйық физикадан оқығанымыздай өзінің қалыпты деңгейін сақтауы керек қой. Яғни ыдыс қисайды екен деп, ішіндегі айран да қисайып тұрмауы керек қой. Міне, осы қарапайым нәрсеге мән берілмеген…
Жә…
Тағы да… Ал жаңағы «Құрамы…» деп бас­талатын жақ-қапталдағы суретте көздай (ағаштан кесе сияқты етіліп жасалған) тұр. Ол да қисайып тұр. Оған да айран құйылған. Сол ыдыстағы айран да ыдысым қисайып тұр екен деп ол да қисайып тұр.
Бір емес қисайған, екі ыдыстағы, екі, айран да төгілмей қисайып тұр! Сонда…! Осы айранды тұтынушыға жіберіп жатқан мейлі ағылшын, мейлі орыс, мейлі қазақ: қай ұлттан болса да біреуі: «Ау, қисайған, міне, мына екі ыдыстың екі айраны да неғып төгілмей тұр…?! Мына суреттер тіпті қисынға келмей тұр ғой!» деп айта алмағаны ма?!
Жақсылық КЕНЖАЛИЕВ
АЛМАТЫ

Категория: Мен репортермін
Просмотров: 499
Похожие новости:
Мұрат Әбенов отыз жыл бұрын қалай қыз алып қашқанын баяндап берді

Мұрат Әбенов отыз жыл бұрын қалай қыз алып қашқанын баяндап берді

Қазақстанның қоғам қайраткері, экс-депутат, бұрынғы БҒМ вице-министрі, бүгінде "Атамекен" басқармасы төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов отыз жыл бұрын қыз алып қашқанын айтып, ағынан жарылды....
20 жыл бұрын елімізде жасанды жолмен алғашқы сәби дүниеге келді

20 жыл бұрын елімізде жасанды жолмен алғашқы сәби дүниеге келді

1996 жылдың 29 шілдесінде елімізде жасанды ұрықтандыру жолымен алғашқы сәби дүниеге келді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, ЭКҰ орталығының директоры, м. ғ. д., профессор Вячеслав...
Жазуыңыз нашар ма?

Жазуыңыз нашар ма?

Жазуым әдемі емес деп қам жейсіз бе? Уайымдамаңыз....
Геннадий Головкиннің қанатты сөздері

Геннадий Головкиннің қанатты сөздері

8 сәуір күні WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (34-0, 31 КО) туған күні. Оның алаңдағы жеңістері Қазақстан халқына мақтаныш сезімін сыйлайды, ал кішігірім...
Анасы 55 күн бұрын қайтыс болған сәби аман туылды

Анасы 55 күн бұрын қайтыс болған сәби аман туылды

Польшаның Вроцлав қаласындағы ауруханада анасы 55 күн бұрын қайтыс болған сәби туылды. ...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар