» » Спорттан хабары жоқ адам бізде неге министр болып жүр?

Спорттан хабары жоқ адам бізде неге министр болып жүр?

Біздегі Мәдениет және спорт министрлігін неге спорттан хабары жоқ адам басқарып отыр? Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындары өтіп жатқан шақта қоғам қайраткері Советқазы Нұрсила өз ойлармен facebook-тегіпарақшасында бөлісуді жөн санапты. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» дегендей, қоғам қайраткері отандық спорттағы ақшаның күшімен, даңғойлық пен дарақылықпен алынған атақтардың азық болмайтынын айтып, қынжылыс білдіреді деп Бұл туралы kaz.365info.kz сайты хабарлайды.
Советқазы Нұрсила«Жанашырдың жанайқайы, деп қабылдаңыздар, құрметті Достар», деп басталатын пост мәтіні мынадай:
«Әрине, Қазақстан спортшылары биіктен көрініп жатса, қуанбайтын пенде болмас.
Бірақ…
Осы спорт саласында шетелден ҚАЗАҚТЫҢ намысы үшін емес, ақша үшін жарысқа қатысып жатқан спортшылар да жоқ емес. «Астана» велоспорт командасына миллиондаған доллар қаражат жұмсап «жалдамалы легионерлер» жалдап алдық, «Астана» баскетбол клубында да солай…
Манеза, Чиншалло, Подобедова сияқты келімсек спортышлар да көп-ақ. Олардың өзі допинг дауына ілігіп, ұятқа қалып жатыр.
Ал, құраманың бас бапкері Ли деген допингке қатысы бар деген дақпырыт БАҚ-тарда жүр.
Талай спортшылардың обалына қалған осыдан басқа Қазақстанда жаттықтырушы жоқ па?
(Қазақстан мен Өзбекстандағы Кәрістер экономикалық және басқа қылмыстарға өте жақын екені жайлы айтылып та жүр)
Олар — қазақ балаларының бағын байлап жүр!
Ал, спорт министрлігін спорттан хабары жоқ адам басқарған соң, не айтуға болады?!
Қазақ деген — өте дарынды халық.
Ауылда болашақ Олимпиада чемпиондары өріп жүр.
Тек оларға қажет спортзал мен құрал-жабдықтар (инвентарь) қажет.
Шетелден келген спортшылар талай Қазақ спортшыларының бағын байлап жүргені ащы болса да шындық!
Олай болғанда, құр дарақылықпен алған атақ бізге қанша азық болады деген заңды сұрақ туындайды.
P.S. Қазақтың намысын қазақ қана жыртады, — деген ізгі ойдан туындаған еді…
Ақшаға сатып алған атақтың ұзақ болмасы белгілі. Ол уақытша ғана…
Ұлт намысын қорғайтын бауырларым аман болсын!!!», — деп аяқтайды автор өз жазбасын.

Категория: Билікке сұрақ
Просмотров: 800
Похожие новости:
Сәләфилер неге атақты жұлдыздар мен қоғам қайраткерлеріне құмар?

Сәләфилер неге атақты жұлдыздар мен қоғам қайраткерлеріне құмар?

Сəлəфилер неге атақты жұлдыздарға жəне ел алдында жүрген қоғам қайраткерлеріне құмар? Секталарды, адасқан ағымдарды заманауи тілде «сетевой маркетинг» деп айтсам қателеспеймін. Өйткені, бір адам, бір адамды əкеліп уласа, қалтасына əжептеуір...
Таразда атыс шығарған адам діни экстремист емес - ІІМ

Таразда атыс шығарған адам діни экстремист емес - ІІМ

Таразда атыс шығарған адам діни экстремист емес - ІІМ ...
Геннадий Головкиннің қанатты сөздері

Геннадий Головкиннің қанатты сөздері

8 сәуір күні WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (34-0, 31 КО) туған күні. Оның алаңдағы жеңістері Қазақстан халқына мақтаныш сезімін сыйлайды, ал кішігірім...
Қызылордада жасөспірім жолшыбай өтіп бара жатқан адамға бірнеше жерден пышақ сұқты

Қызылордада жасөспірім жолшыбай өтіп бара жатқан адамға бірнеше жерден пышақ сұқты

Қызылордада көшеде кетіп бара жатқан адамды жаралаған жасөпірім жауапқа тартылды. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан мәлімдегендей, жеткіншек жолшыбай өтіп бара жатқан адамға бірнеше жерден пышақ сұққан....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар