» » Айдос Сарым:"Ол, əрине, биліктің қателігі."

Айдос Сарым:"Ол, əрине, биліктің қателігі."

Айдос Сарым:"Ол, əрине, биліктің қателігі."Бүгін Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік Универсиада кезінде Алматы қаласының мектептерінде оқитындарға 30 қаңтар мен 8 ақпан аралығында қосымша демалыс енгізу туралы шешім қабылдаған болатын. Осыған байланысты әлеуметтік желіде пікір білдіріп жатқандар көп.
Саясаттанушы Айдос Сарым да осыған ұқсас қолдау білдірді. Оның айтуынша, бұл салауатты өмір салтын, қысқы спорт түрлерін насихаттау. Сол жасөспірім балалар үшін жасалып жатқан шаруа.
«Біздің қоғамның басты проблемаларының бірі билік не ұсынса да теріске шығаруға дайын отырамыз. Ол, əрине, биліктің қателігі.
Алайда Универсиада кезіндегі каникул дегенді қолдауға болады. Жақсы болсын, жаман болсын, Универсиаданың арқасында талай спорт объектілері салынды, инфрақұрылым жаңарды. Бəлкім осыдан кейін талай жылдар бойы бұндай шаралар Алматыда мүлдем өткізілмеуі де ықтимал.
Сондықтан балаларға бір апта демалыс беріп, оларды спорт мерекесіне қатыстыру, спортқа баулудан еш қылмыс көріп отырған жоқпын. Бұл салауатты өмір салтын, қысқы спорт түрлерін насихаттау. Сол жасөспірім балалар үшін жасалып жатқан шаруа. Айналып келгенде Астанада, солтүстік пен шығыста мектеп балалары аязды күндерде апталап мектепке бармай жатады», – дейді А.Сарым.
Категория: Пікір
Просмотров: 806
Похожие новости:
Айдос Сарым: Қазақ мемлекетшілдік, ұлтшылдық дəрежеге көтерілу керек

Айдос Сарым: Қазақ мемлекетшілдік, ұлтшылдық дəрежеге көтерілу керек

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым өзінің фейсбуктегі парақшасында Шымкентте өткен жиындағы ой түюлерін қалдырыпты,деп хабарлайды Alashinform.kz сайты....
«Ни сияқты бапкерді сотқа берсе де артық емес» — Айдос Сарым

«Ни сияқты бапкерді сотқа берсе де артық емес» — Айдос Сарым

Саясаттанушы Айдос Сарым көптің көкейінде жүрген мәселені көтерген екен. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында саясаттанушы көп асқанға, бір тосқан қандай болатынын айтып беріпті. «Мен Алексей Ни (ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас...
Айдос Сарым: Жер мәселесін шешпесек, экономика алға баспайды

Айдос Сарым: Жер мәселесін шешпесек, экономика алға баспайды

Жер туралы айтып жатқан азаматтардың бәрiн қолдаймын. Бiрақ, бiр нәрсенi ұмытып жатырсыздар. Жерге қарап жүрген адам айналасына да қарауы керек қой....
Айдос Сарым: Ономастика мәселесінде  большевиктерден үлгі алу керек

Айдос Сарым: Ономастика мәселесінде большевиктерден үлгі алу керек

Тәжікстан түрік тіліндегі атауларды жаппай парсыландырып жатыр. Аталған мемлекет бұған дейін орыс және араб тіліндегі жер су аттарын ауыстырған болатын. Сондай-ақ Украинада болшевиктік атауларынан бас тартып, ұлттық құндылықтарына мән беруде....
Комментариев: 1
Добавить комментарий
Аватар пользователя

Академик

Да! Все верно говорит! Это мировая практика, просто за рубежом люди любят спорт, посещают все мероприятия, болеют за своих и нам бы пора прививать любовь к спорту у детей с малых лет
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар