» » Жаңа заң қабылданса, қаламгерге қаламақы төленеді

Жаңа заң қабылданса, қаламгерге қаламақы төленеді

Жаңа заң қабылданса, қаламгерге қаламақы төленедіМәжіліс депутаты С.Әбдірахманов Сыр өңіріне келген сапарында өзі қатыстқан заң жобаларының маңызын жан-жақты түсіндіріп өтті. Жақында ғана зиялы қауым өкілдерінің қуана қабыл алып, пікір білдірген қаламақы төлеу мәселесіне байланысты депутат «егер заң қабылданса, қаламгерлерге қаламақы төленетінін» атап айтты, - деп хабарлайды alashinform.kz ақпарат агенттігі.
Біз үшін маңызды нәрсе – қаламақы емес. Маңыздысы, Дулат Исабековтің прозадан қолын үзіп, нақты табыс әкелетін драматургияға кетуі, Төлен Әбдіктің жылдар бойы жазбай жүруі, Тынымбай Нұрмағанбетовтің 5-6 жылда бір кітап шығаруында. Мәселе Тынымбайдың қаламы үстелінің үстінде бос жатқандығында. Нағыз драма осы. Қазіргі талантты күштердің әдебиет арқылы күн көруі мүмкін емес екендігіне көзі жетіп, үмітін үзіп, жаңа шығармалардың жазылып, жарыққа шығып, оқырманға жетпей жатқандығында. Әйтпесе кітаптың кемдігі жоқ қазақта. Талай адам жазып, нағашың кәсіпкер болса болды, кітап деген шыға береді. Өзіңнің таныстарыңа, руластарыңа, туыстарыңа таратсаң ақша түсіруі мүмкін. Бар мәселе шын талантты күштердің әдебиетті жасамай отырғанында. Әйтпесе кешегі кеңестік үкіметтің кезінде, университеттерде лекциялардың орысша оқылғанының өзінде, сот, билік органдарының бәрі орысша сөйлеп тұрған кезінде қазақтың тілі ұшталған жоқ. Қылышынан қаны тамған кеңестік билік тұсында қазақ тілінде «Абай жолы» жазылды, «Қан мен тер» жазылған. Сол уақытта «Жұлдыз» журналы 200 мың дана таралыммен таралды. Сол арқылы қазақ әдебиетінің мерейі, тілдің мерейі биік болды. Тіл білу арқылы әдебиет жоғалған жоқ. Сондықтан да қазіргі таңда біздің зиялы қауымның қазіргі міндеті әдебиетпен кәсіби түрде шұғылданатын  адамдарға жағдай жасау. Әдебиет арқылы күн көретін жағдайға жақындату. Сонда ғана әдебиет басқаша дамуы мүмкін, - дейді Сауытбек Әбдірахманов. Біз де қаламгер мәртбесенің биіктігін қалаймыз.
 
Аlashinform.kz ақпарат агенттігі.
Категория: Басты жаңалық
Просмотров: 234
Похожие новости:
Жазуыңыз нашар ма?

Жазуыңыз нашар ма?

Жазуым әдемі емес деп қам жейсіз бе? Уайымдамаңыз....
КЕРЕК КЕҢЕС: Баланы жомарттыққа үйрету керек

КЕРЕК КЕҢЕС: Баланы жомарттыққа үйрету керек

Баланың бойында тез көзге түсетін мінез - ұялу. Ұяттың көптігі ізгіліктің белгісі. Балада ұялу байқалғанда, ең керегі жаман, бұзық балаларға қоспай, сақ қарау, деп жазады namys.kz....
Үндістандық құдайдың құрметіне қолын 43 жыл бойы түсірместен жоғары көтеріп келген (фото)

Үндістандық құдайдың құрметіне қолын 43 жыл бойы түсірместен жоғары көтеріп келген (фото)

Үндістандық әулие Амар Бхарати қолын 43 жыл бойы жоғары көтеріп келген. Рухани әлемге келгенге дейін оны Махант Амар Бхарти Джи деп атаған. 1973 жылдан бастап ол Шива құдайының құрметіне қолын басынан жоғары көтеріп, ауырғанынан қарамастан содан...
Эксперимент: Бөтен адам балаңызды қанша секундта алып кетуі мүмкін?

Эксперимент: Бөтен адам балаңызды қанша секундта алып кетуі мүмкін?

Wolves Clan жобасы балаларды ұрлау тақырыбында әлеуметтік эксперимент түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоба авторларының айтуынша, видео Астана қаласындағы балалар ойын алаңында түсірілген. Видеода ойын алаңында ойнап...

Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар