» » Ресми: Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

Ресми: Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (22-0, 18 КО) келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Боксшы 17 ақпанда Рой Джонстың Нью-Джерси штатындағы Нью парк қаласында өтетін бокс кешінің андеркартында жекпе-жекке шығады. Бұл туралы NelsonsPromotion промоутерлік компаниясының Қазақстандағы өкілі Нұрғазы Ысмағамбетов мәлімдеді, деп хабаралайды kaz.tengrinews.kz.

"Жекпе-жек 10 раундқа созылады. Бұл титулды қорғау кездесуі емес. Қанат титулын Қазақстанда қорғайды. Ал қарсыласы жайлы таяуда хабарлаймыз. Қанат Ислам қазіргі уақытта штаттарда, Нельсон Лопездің жетекшілігімен жаттығу жасап жатыр", - деді Ысмағамбетов.
Айта кетейік, 32 жастағы қазақстандық соңғы жекпе-жегінде ганалық Патрик Аллотейді жеңген болатын. Кездесу Алматыда 29 қазанда өткен еді. 
Еске салайық, кеше Fightnews.com басылымы Альварес - Ислам жекпе-жегі өтуі мүмкін деген қауесеттің тарағанын хабарлаған. Сол қауесетке сенсек, Альварес - Ислам жекпе-жек 6 мамырда өтеді делінеді. Осыдан кейін ресейлік белгілі комментатор Григорий Стангрит мамыр айында мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірген еді. "Неліктен өтуі мүмкін емес? Мұндай жекпе-жекте бәрі де болуы мүмкін. Бірақ, әрине, күте тұрған абзал. Бұл Чавестің (Хулио Сезар Чавес - мексикалық боксшы) командасының Альвареске түсіріп отырған қысымы да шығар", - деп атап өтті Стангрит.


Категория: Басты жаңалық
Просмотров: 26
Похожие новости:
Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды (фото)

Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды (фото)

Геннадий Головкин мен Дэниэль Джейкобс арасындағы жекпе-жек Нью-Йорктегі орындардың бірінде өтуі мүмкін деп хабарлады ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап....
Әйгілі боксшы Қанат Ислам "Намыс" орденімен марапатталды

Әйгілі боксшы Қанат Ислам "Намыс" орденімен марапатталды

Алматы қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылғына орай "Тәуелсіздік тұрағым, Ұлы дала ұраным" атты дөңгелек үстел өтіп, Қанат Ислам марапаттталды....
Головкин жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін

Головкин жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін

 Орта салмақ дәрежесінде WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 2017 жылы Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастыруды жоспарлап отыр....
Геннадий Головкиннің қанатты сөздері

Геннадий Головкиннің қанатты сөздері

8 сәуір күні WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (34-0, 31 КО) туған күні. Оның алаңдағы жеңістері Қазақстан халқына мақтаныш сезімін сыйлайды, ал кішігірім...
Қанат Исламның қарсыласы жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді

Қанат Исламның қарсыласы жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді

Boxingnews24.com хабарлағандай, қазақстандық боксшы Қанат Исламның қарсыласы колумбиялық Хуан Де Анхель рингте кездесуде жарақат алды,...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар