» » Бүгін аты аңызға айналған Дінмұxаммед Аxметұлы Қонаевтың туылған күні!

Бүгін аты аңызға айналған Дінмұxаммед Аxметұлы Қонаевтың туылған күні!

Кемеңгер тұлғаның халқына өлшеусіз сіңірген еңбектері:
  Дінмұхаммед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды. 

 Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. 
Өскемен қорғасын-цинк және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты. 

Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды.

Жамбыл мен Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды. 

100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды.

Кемеңгер тұлғаның тұсында 19 облыс болды. Ол кісі жаңадан 2 облыс құрды: Маңғыстау және Жезқазған. Барлық облыстардың жағдайына өзіне мүмкіндік берді. 

Қонаев елді қабылдап алғанда Одақ бойынша өндіріс пен тұрмыс жағынан 15-орында болған. Димекеңнің тұсында қазақ Одақ ішінде 4-орынға шықты.

Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты. 

Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды. 

Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді.

70 жылдардың басында Қазақстанда Маңғыстау, Павлодар-Екібастұз, Шымкент-Кентау, Жамбыл-Қаратау аймақтық-өндірістік кешендер салынды. 

Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22-сінде 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Аты аңызға айналған тұлға өмірден өтсе де оның еңбектері бүгінде халық игіліне қызмет етіп отыр. Қазақстан тарихында есімі алтын әріптермен жазылған Дінмұхаммед Ахметұлы қазақ елінің дамып, көркеюіне сүбелі үлес қосып, халық есінде кемеңгер тұлға ретінде мәңгілікке сақталады!!!
Рафхат ЖҰМАБАЙ
Категория: Басты жаңалық
Просмотров: 3 606
Похожие новости:
Студенттер күні қалай пайда болды және студент сөздігі

Студенттер күні қалай пайда болды және студент сөздігі

17 қараша - Халықаралық студенттер күні. Күнтізбеде белгіленген осы бір мерекенің шығу тарихы айтарлықтай қызықты да емес. Ол - қанды, әрі қайғылы оқиғаға байланысты пайда болғанын екінің бірі біле бермейді, деп жазады ҚазАқпарат. ...
Есімі аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әли қайтыс болды

Есімі аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әли қайтыс болды

Есімі аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әли қайтыс болды...
Аты аңызға айналған Мұхаммед Әли ауруханаға жатқызылды

Аты аңызға айналған Мұхаммед Әли ауруханаға жатқызылды

Аты аңызға айналған Мұхаммед Әли ауруханаға жатқызылды...
Bek Аir ұшағындағы пилоттың бірі Қонаевтың жеке ұшқышының немересі болып шықты

Bek Аir ұшағындағы пилоттың бірі Қонаевтың жеке ұшқышының немересі болып шықты

Астанаға Қызылордадан ұшып келіп, апатты жағдайда қонған Bek Air әуекомпаниясының ұшақ экипажындағы батыр ұшқыштардың бірі Вадим Смеречанский – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жеке ұшқышы Александр Корнеевич Смеречанскийдің немересі болып шықты....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар