» » Шымкентте ломбардқа шабуыл жасалды

Шымкентте ломбардқа шабуыл жасалды

Шымкентте ломбардқа шабуыл жасалды
Шымкенттегі 11-шағын ауданда орналасқан "Сейф" ломбардын тонамақ болған белгісіз азамат ломбард қызметкерін оқ атып жаралады деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
11 қаңтар күні таңғы сағат 10 кезінде бетіне медициналық маска тағып, күннен қорғайтын көзілдірік киген, қысқа ұңғылы аңшылық мылтық асынған адам ломбардқа басып кірген. "Ол касса қызметкерін қорқытып, алтын бұйымдар мен ақша беруін талап еткен. Содан соң касса қызметкеріне қарай оқ атып, көкірек тұсынан жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалаған" дейді облыстық ішкі істер департаменті.
Шымкент қалалық аурухананың реанимация бөліміне жеткізілген жаралы адамның жағдайы ауыр екенін айтады.
Аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің "Қарақшылық жолмен адам өлтіруге оқталу" және "Атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдіктіні іздеп жатыр.
Дереккөз:azattyq.org
Просмотров: 207
Похожие новости:
Әуежайда белгісіз біреу мылтық атып, салдарынан 1 адам қаза тапты

Әуежайда белгісіз біреу мылтық атып, салдарынан 1 адам қаза тапты

Оклахома штаты. Мұндағы Уилл Роджерс атындағы әуежайда белгісіз біреу мылтық атып, салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды штат полициясы твиттердегі жазбасына 24.kz порталы сілтеме жасап....
Ақтөбедегі атыс кезінде 21 адам қаза болып, 38 адам жарақат алды

Ақтөбедегі атыс кезінде 21 адам қаза болып, 38 адам жарақат алды

5 маусымда Ақтөбедегі атыс кезінде 21 адам қаза болып, 6-7 адамға іздеу салынды. Сонымен қатар түрлі деңгейді жарақаттарды 38 адам алды. Бұл туралы үкiмет отырысынан кейiн Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов журналистерге мәлiм еттi, деп...
Ішкі істер министрлігі 2015 жылғы бюджеттік бағдарламалардың  үздік әкімшісі болып танылды

Ішкі істер министрлігі 2015 жылғы бюджеттік бағдарламалардың үздік әкімшісі болып танылды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті бюджетті атқарудың сапасын көтеру, қаржылық тәртіпті жақсарту, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің (бұдан әрі – ББӘ және ММ) бухгалтерлік қызметтерінің...
ҚР Ішкі істер министрлігінің құрама командасы жеңімпаз атанды

ҚР Ішкі істер министрлігінің құрама командасы жеңімпаз атанды

2016 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спорт кешенінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнайы және күш құрылымдары арасында шағын футболдан V жазғы салалық...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар