» » Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында ер адам қайтыс болды

Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында ер адам қайтыс болды

Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында ер адам қаза болды. Оқиға Іле ауданындағы Өтеген батыр кентінде болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Nur.kz редакциясына Ринат Авазбакиев есімді оқиға куәгері хабарласып болған жайтты баяндады. Оның айтуынша, қаза болған ер адамның жасы 60-65 шамасында. Сонымен бірге ол шағымын да жеткізді.
"Кезекте 100-ге жуық адам тұрады. Әр адамға 20 минут уақыт кетеді деген уәде орындалмаған. Тіркеумен тек екі адам ғана айналысып отыр. Біреулер тіпті сенбіден бері тіркеле алмай әлекке түсуде. Соған қарамастан, сондағы "заң өкілдері" айыппұл саламыз деп қорқытып жүр", - дейді ер адам.
Алматы облысының ІІД 1957 жылы туған Іле ауданының тұрғыны қайтыс болғанын растады. Қазіргі уақытта құзырлы органдар ер адамның өліміне қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Толық ақпарат кейінірек беріледі.
Осы орайда Алматы облыстық ІІД аудандық полиция бөлімшесі жаңа заңнаманы түсіндіру жұмыстары бойынша БАҚ өкілдерімен кездесіп, уақытша тіркеуге қатысты ХҚКО-тарында келеңсіз жағдайлар туындамағанын айтқан.
Естеріңізге сала кетсек, уақытша тіркеу туралы заңды елімізде 7 қаңтардан бастап енгізді. Ал тіркелмеген азаматтарға 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап айыппұл салына бастайды.
Уақытша тіркеуге тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген адамдар тұруы қажет. Ішкі көші-қон мәселелерін бақылауды учаскелік полицияға жүктеп отыр. Заң бұзушыларды олар бұрыннан келе жатқан үйреншікті әдіс-тәсілдермен анықтайды.


Просмотров: 40
Похожие новости:
Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Алматы облысында мал саудалап, артынша мәйіті табылған ағайындылардың өліміне қатысы барлар екеуден көп деп хабарлайды КТК арнасы....
Алматы ауруханасында қаза болған полицейлердің отбасына 10 млн теңгеден берілетін болды

Алматы ауруханасында қаза болған полицейлердің отбасына 10 млн теңгеден берілетін болды

Алматыда ауруханада ауыр жарақаттан көз жұмған полиция аға сержанты Серік Әбілдаев пен полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматұллаевтың отбасына мемлекет тарапынан қосымша 10 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы...
Теракт кезінде адам өмірін құтқарып қалған ақтөбелік медбике болған жайтты баяндады

Теракт кезінде адам өмірін құтқарып қалған ақтөбелік медбике болған жайтты баяндады

Ақтөбелік медбике Стелла Молдиманова теракт кезінде адам өмірін құтқарып қалды деп хабарлайды 31 арна....
Алматы облысының тұрғыны туған анасын пышақтады

Алматы облысының тұрғыны туған анасын пышақтады

Үштөбе тұрғыны өзінің анасы мен көшеде кетіп бара жатқан адамдарға пышақпен шабуылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап....
Алматы облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты

Алматы облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты

Алматы облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар