» » «Жәрдем» медициналық пойызының дәрігерлері Түркістан облысының тұрғындары арасында бірқатар созылмалы ауруларды анықтады

«Жәрдем» медициналық пойызының дәрігерлері Түркістан облысының тұрғындары арасында бірқатар созылмалы ауруларды анықтады

«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы еліміздің шалғай станцияларын аралауды жалғастыруда. Бұл жолы медициналық кеңес пен алғашқы медициналық көмек алу үшін мамандандырылған медициналық пойыз мамандарына Түркістан облысының тұрғындары жүгінді.

Бүгінгі күні «Жәрдем» консультациялық-диагностикалық пойызының дәрігерлерімен Түркістан облысының 10 бекетінің тұрғындары қаралды, 4430 тұрғын тексерілді, оның ішінде 779 бала. Барлығы 19 393 дәрігерлік қабылдау тіркелген. 28 шағын хирургиялық ота жасалған.

Терапевт/педиатрдың қабылдауында 4430 пациент болған, хирург 1001 адамды, уролог 800 адамды қабылдаған. Офтальмологтың қабылдауына - 1205 адам, ЛОР - 2706 адам, гинекологқа – 915 және тіс дәрігеріне - 1829 адам келген. Пойыз жұмысының барысында 1327 ЭКГ, 32 ФГДС, 1551 УДЗ (УЗИ), 715 флюорография жасалған.

«Түркістан облысының тұрғындары арасында жиі кездескен аурулардың қатарында: тірек-қимыл жүйесінің аурулары, жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары, аяқ қан тамырларының аурулары мен тыныс алу жүйесінің аурулары бар. Балалардың арасында бас сүйек ішіндегі гипертензия, халязион (қабақтың қабынуы), коньюктивит, кариес, іріңді пульпит, бойлық көлденең жалпақ табандылық секілі аурулар жиі кездесті», - деп атап өтті Түркістан облысы бойынша бригаданың бас дәрігері Кенжеболат Бакиров.

Медициналық пойыз мамандары қабылдау барысында тұрғындарға аурудың алдын алу бойынша және дұрыс тамақтану бойынша кеңестер беріп отырды.

Медициналық бригада құрамына адам ағзасының барлық мүшелерінің ауруларын алдын алу мен толық тексерістен өткізу үшін барлық мамандар кіреді. Құрамда терапевт, педиатр, гинеколог, xирург, ЛОР, кардиолог, невропотолог, офтальмолог, уролог, онколог-маммолог, стоматолог сияқты мамандар жұмыс істейді.

Осылайша медициналық пойыз мамандарының арқасында сапалы медициналық консультациялар шалғай аймақтардың тұрғындарының денсаулығын бақылаудың қол жетімді әдісіне айналды.

«Біз отбасымызбен осы медпойыз мамандарына тексерілуге келдік, УДЗ мен ЭКГ өттік. Терапевт, ЛОР және окулист дәрігерлерінде болдық. Дәрігерлердің арқасында уақытында бұрын өзім білмейтін аурудың бар екенін білдім», - дейді Сайрам ауданының тұрғыны Жанат Бейсенбекова.

Қазіргі уақытта медициналық пойыз Қызылорда облысында, алдағы уақытта ол 13 станцияның тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін болады. Барлығы пойыз бағдарына 6 облыс кіреді: Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары.

Естеріңізге сала кетсек, «Жәрдем» медициналық пойызы 2019 жылдың 20 тамызында іске қосылған болатын. Ол «Денсаулық» пойызымен бірге медициналық көмекке қолы жетпейтін шалғайдағы станциялар мен жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. «Денсаулық» пойызы Атырау облысында жұмысын жалғастыруда.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірге, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырылып жатыр. Пойыз кестесімен www.medpoezd.kz және www.sk-trust.kz/ru ресми сайттарында таныса аласыздар.

Просмотров: 274
Похожие новости:
«Денсаулық» медициналық пойызы Ақтөбе облысының шалғай бекеттерінің тұрғындарын тексеруден өткізді

«Денсаулық» медициналық пойызы Ақтөбе облысының шалғай бекеттерінің тұрғындарын тексеруден өткізді

«Медициналық пойыз» жобасы еліміздің барлық өңірлері бойынша жұмысын жалғастыруда. Бүгінге дейін ол Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының шалғай бекеттерін...
«Жәрдем» медициналық пойызының дәрігерлері жедел науқастарды құтқарды

«Жәрдем» медициналық пойызының дәрігерлері жедел науқастарды құтқарды

«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы өз жұмысын жалғастыруда. Осы жолы пойыз қызметіне Түркістан облысының 10 станциясының тұрғындары жүгіне алады. Бұған дейін медициналық консультация мен алғашқы медициналық қызметтер Жамбыл облысының...
Қазақстанда тағы бір медициналық пойыз іске қосылды

Қазақстанда тағы бір медициналық пойыз іске қосылды

«Алматы-2» бекетінен «Жәрдем» қосымша мамандандырылған медициналық пойызы сапарға аттанды. Пойыз «Денсаулық» медициналық жобасына қосымша ретінде іске қосылып, 6 облысты қамтитын болады. 2019 жылдың соңына дейін екі медициналық пойыз 80 мың...
БҚО шалғай аудан тұрғындары тегін медициналық көмек алады

БҚО шалғай аудан тұрғындары тегін медициналық көмек алады

«Медициналық пойыз» жобасы еліміздің барлық облыстарын аралап, тегін медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда....
Қызылорда облысының тұрғындары полицейлерге берілген кеңестер үшін алғыстарын айтуда

Қызылорда облысының тұрғындары полицейлерге берілген кеңестер үшін алғыстарын айтуда

    Қызылорда қаласында «Жолда қабылдау» акциясын өткізу барысында қала тұрғыны Тажбенова Рая Жұмабаевна келіп, полиция қызметкерлерінен автокөлікті қайта тіркеу туралы мәселелер бойынша, оның ішінде басқа мемлекеттерден келген автокөліктерді тіркеу...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар