» » Айгүл Қосанова: Мен әлі райдердің не екенін білмеймін...

Айгүл Қосанова: Мен әлі райдердің не екенін білмеймін...

Айгүл Қосанова: Мен әлі райдердің не екенін білмеймін...
Айгүл Қосанова – Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері, Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты. Айгүл Қосанова жыршылық өнерде батыстық мектепті насихаттап, үнемі ізденісте жүретін өнер иесі. Өзінің бірқалыпты, байсалды мінезімен жұртына жағымды жыршымен Сыр еліне келген сапарында сырласудың сәті түскен еді, - деп хабарлайды alashinform.kz 
-Айгүл ханым, Сыр өңіріне қош келдіңіз! Дәстүрлі өнер фестиваліне қандай тартумен келдіңіз?
-  Шындығында Сыр елінде осындай бастама басталып, қазақтың дәстүрлі әр мектептерінің өкілдері келіп, үлкен фестиваль өткізіп жатқанына өте қуаныштымын және бұл бастамалардың ғұмыры ұзақ болғай деп тілеймін. Концерт барысында біздер әр мектептен яғни дәстүрлі ән мектептерінің шоқтығы биік әндерін орындаймыз. Бүгін мен Мұхиттың әні «Айнамкөзді» орындаймын.
-  Дәстүрлі өнер эстрада өнерінің тасасында яғни көлеңкесінде қалып қойып жатқан жоқ па?
- Негізі бұл сұрақ дәстүрлі әншілерге өте жиі қойылатын сұрақтың бірі және бірегейі деп ойлаймын(күлді). Қазақ халқы өмір сүріп тұрған кезде дәстүрлі өнер ешқашан да өлмейді. Сонау қиыншылық кезеңін бастан өткерген қазақ өзінің домбырасын сақтап қалған және бір қазақта бірнеше ән мектебі бар болуының өзі біздің қазақ халқының үлкен бақыты деп санауымыз керек. Сондықтан біз дәстүрлі әннің, дәстүрлі өнердің өлмеуін қаласақ, қазақ халқының өлмеуін тілеуіміз керек сонда ғана біз мәңгі ұлт боламыз.
- Қазақ жастарының өнердегі іс-әрекетін қаншалықты бақылап отырасыз? Мысалы, қазіргі көп дау-дамайдың астында қалған «91» тобы жайлы ойыңыз?
- Мен түсінбеймін, сол «91» тобына неге бәрі шүйлігеді. Былай қарасаңыз, қазір күні-түні интернетте отырған жастар одан да жаман нәрселерді көруде. Егер бала саналы түрде өзіне үлгі ететін нәрсені «91»-ден емес интернеттен іздейтін болса, ол одан да зорына жолығуы мүмкін ғой. Бұл өтпелі уақыттағы болып жатқан нәрсе, өтпелі уақыттағы топ, бұл енді мәңгі болады деп ойламаймын. Бірақ жастардың барлығы бірдей деп біз көпке топырақ шаша алмаймыз ғой. Дәстүрлі өнерді өзіне серік етіп  осы өнерді әрі қарай жалғап жүрген біздің жастарымыз да  жоқ емес, бар. Менің өз басым «91» тобына деген ешқандай қарсылығым жоқ.
- Эстрада мен дәстүрлі өнерді алып жүру қиын емес па?
- Мен енді негізінен дәстүрлі әншімін, дәстүрлі әнші болып қаламын. Бірақ осы уақытта мені осы жолдан тайдыру үшін яғни дәстүрлі әнімді қойып, эстрадалық әнге көшуге көп адамдар ықпал жасады. Егер мүмкіндігің келсе, айтқан әнің халықтың көңілінен шықса неге айтпасқа?! 
Әншінің маңдайында мынау дәстүрлі әнші, мынау эстрада әншісі деген жазу жазылып тұрған жоқ шығар деп ойлаймын. Әнші болғандықтан шамаң келсе айтуға тырысу керек. 
-  Дәстүрлі өнерде жүрген өнерпаздарға сұраныс қаншалықты? Жалпы тойларға шығасыз ба? 
-  Тойға шақырса барамын. Басыбайлы эстрадалық әншілерге қарағанда көп деп айтуға болмас, бірақ бар. Қазақтың ішінде барлығы бірдей эстрадаға ауысып кетті, тек қана эстраданы тыңдайды деп айтуға болмайды, бес саусақ бірдей емес қой. Бірыңғай дәстүрлі әншілерді ғана шақыратын тойлар болады. Егер жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар қылып мені қалап шақырып тұрса мен барамын.   
Сіздің райдеріңіз бар ма?
-  (күлді) Райдер деген нәрсені осы мен былтыр танысып білдім сол сөздің не екенін осы уақытқа дейін білмеппін. Соған қарағанда менде райдер жоқ деген сөз.
-  Қазіргі таңда шәкірт тәрбиелеп жүрсіз ба?
-  Әрине, шәкірт тәрбиелеуде менің үлкен дәрежем бар деп айтуыма болады. Шәкірт тәрбиелеп келе жатқаныма 25 жыл болды.
-  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өттік. Жұртыңызға айтар лебізіңіз...
-  25 жыл дегенімізді бір адамның өмірімен санап, бағалайтын болсақ, бұл аяққа тұрған ақылды азамат деп айтуымызға болады. Сондықтан осы 25 жылда қазақтың болашағы үшін  қазақтың игілігі үшін істелген игі істер өте көп. Біз әрқашан да осы еліміздің аяғына нық тұруға барынша қолымыздан келгенінше, еліміздің бұдан да әрі қарай көркеюіне қызмет ете берсек, қазақ халқы бұдан да жоғары деңгейге жетеді деген сенімдемін. Өйткені қазақ - барлық жағынан өте талантты халықтың бірі.
-  Әңгімеңізге рахмет!
 
Нұрсұлтан ЖЕҢІС,
Alashinform.kz қазақ ақпарат агенттігі
Категория: Сұхбат
Просмотров: 4 314
Похожие новости:
Айгүл Иманбаева суши жеп талып қалды (фото)

Айгүл Иманбаева суши жеп талып қалды (фото)

Алматыдағы асханалардың бірінде танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева суши жеп талып қалған. Бұл туралы Alashinform.kz сайты хабарлайды....
Жамбыл облысында 249 мәдениет және өнер мекемесі күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті

Жамбыл облысында 249 мәдениет және өнер мекемесі күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті

Жамбыл облысында 249 мәдениет және өнер мекемесі күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті...
Өнер жұлдыздарының соңғы қоңырауы

Өнер жұлдыздарының соңғы қоңырауы

Отандық өнер жұлдыздарымызбен оқушы кезін еске түсіріп, тарыдай болып кірген, таудай болып шыққан мектептеріне саяхат жасадық!...
Бүгін ҚР еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова 60 жасқа толды

Бүгін ҚР еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова 60 жасқа толды

60 жыл бұрын (1956) әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі НҰРМАҒАМБЕТОВА Айжан Қабдуалиқызы дүниеге келді....
Қазақстандық түлектер ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі форматта тапсырады

Қазақстандық түлектер ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі форматта тапсырады

Қазақстандық түлектер ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі форматта тапсырады...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар