» » 2017 жылы шығатын таңғаларлық 5 технология

2017 жылы шығатын таңғаларлық 5 технология

2017 жылы шығатын ең футуристік сипаттағы технологияларды назарларыңызға ұсынамыз.
Биыл Самсунг компаниясы Galaxy S8 және S8 edge телефондарынан бөлек бүктелетін экраны бар жаңа телефондар шығара бастайды, деп жазады ET News. Әзірге телефонның қанша тұратыны туралы нақты мағлұмат жоқ.
Alibaba компаниясы 2017 жылы селфи арқылы төлем жасау технологиясын енгізуге уәде берді. Компанияның негізін салушы Джек Ма 2015 жылдың өзінде CeBit конференциясында бұл технологияны таныстырған еді. Аталған жаңалық арқылы төлем карталарына жасалатын хакерлік шабуыл секілді қатерлерді айналып өтуге болады.
Жаңа Зеландиялық Науtin Aircraft 2016 жылы Personal Jetpack атты реактивті сөмкелер шығаратынын айтқан еді. 2017 жылы бұл тауар түрлері нарыққа шықпақ. Сөмкенің құны 150 мың доллар. Сөмке иесі бұл сөмке арқылы өзі де ұша алады немесе тауарды салып, өз бетінше ұшырып жібере алады. Аталған реактивті сөмке сағатына 74 шақырымға дейін алады.
2017 жылы БАӘ-де әлемдегі алғашқы робот тәртіп сақшылар «қызметке кіріседі». Роботтың бетіндегі сенсорлы экран қарсы алдындағы адамның түрі мен даусын ажыратып, сауалдарға жауап беру қабілетіне ие. Қолдан жасалған тәптіп сақшылары алдымен Дубайдағы Бурдж-Халифа ғимараты мен туристік орындарда пайдаланылады.
Американдық Moon Express компаниясы 2017 жылы Айға ұшпақшы. Бұрындары мұндай қадамға тек мемлекеттік корпорациялар баратын еді. The Guardian басылымының мәліметінше, миссия жазда басталады. Егер сапар сәтті болса, Moon Express Google-дан 20 млн доллар алады.
Дереккөз: Stan.kz



Категория: Техно
Просмотров: 494
Похожие новости:
Биылғы жаңа жыл 2017 жылы 00:00-да басталмайды

Биылғы жаңа жыл 2017 жылы 00:00-да басталмайды

Халықаралық Жердің айналу қызметі 2016 жылды бір секундқа ұзартты деп хабарлайды...
2017 жылы Байқоңырдан 17 зымыран ұшырылады

2017 жылы Байқоңырдан 17 зымыран ұшырылады

ҚР Үкіметі 2017 жылы Байқоңыр айлағынан ғарыш аппараттары мен сынақ зымырандарын ұшыру жоспарын бекітті, деп хабарлайды Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі....
2017 жылы Жанатас қаласында «Жастар сарайы» ғимаратының құрылысы жүргізілетін болады

2017 жылы Жанатас қаласында «Жастар сарайы» ғимаратының құрылысы жүргізілетін болады

2017 жылы Жанатас қаласында «Жастар сарайы» ғимаратының құрылысы жүргізілетін болады...
2017 жылы ҰБТ форматы толық өзгеріске ұшырайды

2017 жылы ҰБТ форматы толық өзгеріске ұшырайды

2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен өзгереді....
Банк картасын қолданушылар төлемді селфи арқылы растай алады

Банк картасын қолданушылар төлемді селфи арқылы растай алады

MasterCard жүйесін қолданушылар төлемді селфи арқылы растай алады.    ...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар