» » Татарлар тәуелсіздікті әлі күнге аңсайды

Татарлар тәуелсіздікті әлі күнге аңсайды

Татарлар тәуелсіздікті әлі күнге аңсайдыҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Әбдірахманов Сыр еліне сапарында Қорқыт Ата ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлары, магистранттар және докторанттармен кездесті. Кездесу барысында С.Әбдірахманов тәуелсіздік жайлы толғаныстарын жеткізді, - деп хабарлайды Alashinform.
Депутат «еліміздің ең басты жетістігі - Тәуелсіздік. Тәуелсіздік болмаса  басқасының бәрі құр әшейін далбаса. Мен 60-тан астам елде іссапарда болдым. Қаншама тәуелсіздігін алмаған мемлекеттердің зиялыларымен әңгімелестім. Басқасын айтпағанда, татар ұлты бізге жақын халық қой. Олардың оқыған көзі ашық зиялылары, тіпті қарапайым халқы тәуелсіздігін аңсап зар жылайды», - дейді.
Татарлар бізге тәуелсіздік жоқ, бізге өмірбақилық тәуелсіздік бұйырмаған деп жылап отырып сіздер бақыттысыздар деп тамсанады. Олардың жағдайлары жақсы, экономикалық ахуалы да жаман емес. Сібір халықтары да осылардың қатарында. Олар кешегі совет заманындағы күніне зар болып отыр. Шын мәнінде автономия деген аты ғана. Заң бойынша олардың тарапын басқаратын адамдардың кандидатурасын Кремль ұсынатындай етіп ойластырылған. Барлық субъектілерден президент деген атау алынылып тасталған, яғни автономияларда президент деген болмайды. Осылардың барлығымен салыстырған кезде біздің қазіргі жағдайымыз әлдеқайда жақсы», - деп сабақтады ойын Сауытбек Әбдірахманов. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде тәуелсіздікті сақтап тұру бәрінен де маңызды деген еді. Барымызды бағалай білейік.
Категория: Сарапшы
Просмотров: 615
Похожие новости:
Тәуелсіздік жылдарындағы гендерлік саясаттың дамуы

Тәуелсіздік жылдарындағы гендерлік саясаттың дамуы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары гендерлік саясатты дамытуға үлкен жұмыстар атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылды. Осы комиссияның ұйытқы болуымен...
Тәуелсіздік жылдары Тараз қаласында 79 әлеуметтік нысан пайдалануға берілген

Тәуелсіздік жылдары Тараз қаласында 79 әлеуметтік нысан пайдалануға берілген

Тәуелсіздік жылдары Тараз қаласында 79 әлеуметтік нысан пайдалануға берілген...
Тәуелсіздік жылдары Тараз қаласында 2 мөлтекаудан бой көтерді

Тәуелсіздік жылдары Тараз қаласында 2 мөлтекаудан бой көтерді

Тәуелсіздік жылдары Тараз қаласында 2 мөлтекаудан бой көтерді...
Тәуелсіздік  - жаңа дәуір тынысы

Тәуелсіздік - жаңа дәуір тынысы

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ халқының сан ғасырлар бойы армандап келген мақсатына қолы жетті. Еліміз тәуелсіздік алып жеке мемлекет болды, бірақ тәуелсіздік оп-оңай келе қалған жоқ. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, тәуелсіздік жолында қазақ...
Тәуелсіздік жылдарында Астана медициналық университеті студенттерінің саны 36,4% есеге ұлғайды

Тәуелсіздік жылдарында Астана медициналық университеті студенттерінің саны 36,4% есеге ұлғайды

«Астана медициналық университеті» АҚ (әрі қарай - АМУ) студенттерінің құрамы 1991-2016 жылдар аралығында 2893 адамнан 4552 адамға, яғни 36,4% есеге ұлғайды....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар