» » Қазаққа қатысты құжаттарға шовинистік көзқарас әлі де бар...

Қазаққа қатысты құжаттарға шовинистік көзқарас әлі де бар...

Қазаққа қатысты құжаттарға шовинистік көзқарас әлі де бар...Белгілі ғалым Серікбай Қосан facebook-тегі парақшасына Омбы қаласына барған ғылыми іссапарынан қызықты мәліметтер жариялауда, - деп хабарлайды alashinform.kz 
«Өткен аптада Ресейдің Омбы қаласында ғылыми іссапарда болдым. Омбы облыстық мұрағатында аз күн отырып, біраз тарихи деректерге көз жүгіртіп қайттым. Тағы да Кенесары хан «алдымнан шықты». Рас, қазақ ханының өлмес рухы Сібір қалаларын әлі аралап жүрген сияқты. Архив директоры О.Д.Пугачева ханымның бетпақтығымен Кене ханға қатысты сирек те құнды деректерге «құпиялық» айдары тағылыпты. Тіпті, тарихшылардың біразына белгілі істердің өзіне де «ДСП» - «қызметтік пайдалану істері» деген белгі қойылған. Ал Ольганың ұлыорыстық шовинизмі бетіне шауып отыр екен. Мені онша жақтырмай қабылдады. Тағы да ханының басын іздеген қазақтар ма дегендей... Дегенмен, бірсыпыра материалды сканерге алуға мүмкіндік алдым. Оның ішінде кадеттер, Құнанбай ісі, Кене хан өліміне байланысты сирек құжаттар», - деп жазады Серікбай Қосан. Жалпы Ресей мұрағаттарына қатысты мұндай пікірді сонда болған бірқатар ғалымдар растайды. Өз тарихымызды түгендеп, құнды деректерді қайтаратын уақыт келген секілді.   

Категория: Сарапшы
Просмотров: 713
Похожие новости:
Ұзынағаштағы үш ағайындының өліміне қатысты тағы бір дерек шықты

Ұзынағаштағы үш ағайындының өліміне қатысты тағы бір дерек шықты

Ұзынағаштағы қанды оқиғаға қатысты істе басты күдікті Сүлейменовтің әйелі де айыпталуы мүмкін. Қарасай ауданында өтіп жатқан сот процесінде прокурор осындай жайттың басын ашты. Бұл туралы 31 арна хабарлайды деп жазды 365info.kz...
Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Алматы облысында мал саудалап, артынша мәйіті табылған ағайындылардың өліміне қатысы барлар екеуден көп деп хабарлайды КТК арнасы....
ҰБТ-дан сүрінген түлектер кешенді тест тапсыра алады

ҰБТ-дан сүрінген түлектер кешенді тест тапсыра алады

Осы жылдың білім және ғылым саласындағы басты жаңалығы – ҰБТ нәтижесіне байланысты, яғни төменгі шектік деңгейден өте алмаған түлектерге кешенді тест тапсыру мүмкіндігінің берілуі....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар