» » ТУ-154 ұшағында кімдер болған?

ТУ-154 ұшағында кімдер болған?

ТУ-154 ұшағында кімдер болған?

25 желтоқсан күні Қара теңіздің үстінде ТУ-154 әскери ұшағы апатқа ұшырады. ТУ-154 ұшағы Сириядағы  «Хмеймим» әуе базасына ұшып бара жатқан. Онда Ресейдің қорғаныс күштерінің әскери жауынгерлері, ансамбль әртістері, сондай-ақ Александров атындағы ансамбль мүшелері, үш федералды телеарна қызметкерлері мен түсіру тобы болған. Делегация жауынгерлерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтауға аттанған, - деп хабарлайды alashinform.kz.
 
Александров ансамблі туралы не білеміз?

ТУ-154 ұшағында кімдер болған?

Ресей әскерінің А.В.Александров атындағы ән және би ансамблі — Ресейдің ең ірі шығармашылық ұжымы. Ол 1928 жылы 12 қазанда құрылған. Содан бері ансамбль құрамы да, атауы да бірнеше рет өзгерді.
Алғашында 12 адамдық болған ұжымның құрамы 1937 жылы 274 адамға жеткен. 1948 жылы 313 болса, қазір 186 адамнан тұрады. Ал ұшаққа музыканттардың 68-і мінген. Соңғы мәліметтер бойынша, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Валерий Халилов та ұшақта болған.

ТУ-154 ұшағында кімдер болған?

Александров ансамблі 1935 жылы 27 қарашадан бастап М.В Фрунзе атындағы Қызыл әскер Орталық үйінің әскери әндер ансамблі деп аталған. 1949 жылдан бастап оның негізін салушысы А.В.Александров құрметіне атала бастаған. А.В.Александров атындағы Кеңес Әскерінің ән және би ансамблі 1978 жылы елу жылдығы қарсаңында ең жоғары кәсіби аттестациядан өтіп, академиялық деген атау алды. 1998 жылдан бастап Ресей әскерінің А.В. Александров атындағы ән және би академиялық ансамблі деп атала бастады.
 
Доктор Лиза кім?

ТУ-154 ұшағында кімдер болған?

«Әділ көмек» («Справедливая помощь») қорының жетекшісі Глинка Елизавета Петровнаның ұшақта болғаны тек апатқа ұшырағандардың толық тізімі жарияланғанда ғана белгілі болды. Доктор Лиза атанып кеткен Елизавета Глинка Ресей президенті жанындағы Азаматтық қоғам мен адам құқығын дамыту кеңесінің мүшесі, Ресейге белгілі филантроп, мамандығы — дәрігер-реаниматолог.
Доктор Лиза 2007 жылы «Әділ көмек» қайырымдылық қорын құрды. Бұл қор онкологиялық және басқа да ауыр науқасқа шалдыққан, тұрмысы нашар адамдарға, үйсіздерге материалдық қолдау мен дәрігерлік көмек көрсетеді. Қор еріктілері апта сайын мұқтаж жандарға тамақ, дәрі-дәрмек таратып, тегін медициналық және заңгерлік көмек көрсетеді.
2009 жылы РЕН-ТВ Елизавета Глинка туралы «Доктор Лиза» атты деректі фильм түсірді. Ал биыл 8 желтоқсанда Елизавета Глинка құқық қорғау қызметіндегі ерекше жетістіктері үшін Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанған болатын.
 
Журналистерден кімдер болды?
НТВ телеарнасынан ұшақта корреспондент Михаил Лужецкий, оператор Олег Пестов, дыбыс операторы Евгений Толстов болған.

ТУ-154 ұшағында кімдер болған?

«Бірінші арнаның» баспасөз қызметі апатқа ұшыраған ұшақта үш қызметкері болғанын хабарлады. Олар: арна тілшісі Дмитрий Рунков, оператор Вадим Денисов, дыбыс операторы Александр Сойдов.

ТУ-154 ұшағында кімдер болған?


Дереккөз: Гүлнұр Қуанышбекқызы 
www.egemen.kz
Категория: Сарапшы
Просмотров: 1 604
Похожие новости:
Жазуыңыз нашар ма?

Жазуыңыз нашар ма?

Жазуым әдемі емес деп қам жейсіз бе? Уайымдамаңыз....
ҰБТ-дан сүрінген түлектер кешенді тест тапсыра алады

ҰБТ-дан сүрінген түлектер кешенді тест тапсыра алады

Осы жылдың білім және ғылым саласындағы басты жаңалығы – ҰБТ нәтижесіне байланысты, яғни төменгі шектік деңгейден өте алмаған түлектерге кешенді тест тапсыру мүмкіндігінің берілуі....
АҚШ-тың бомбалаушы ұшағы апатқа ұшырады

АҚШ-тың бомбалаушы ұшағы апатқа ұшырады

АҚШ-тың бомбалаушы ұшағы апатқа ұшырады...

2015 жылы қазақ тойларында ең көп сұранысқа ие болған шетел жұлдыздары анықталды

2015 жылы Қазақстанда ең көп сұранысқа ие болған шетел жұлдыздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Allstars.kz агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда 50 шақты компания шетел әншілерінің қойылымдарын ұйымдастырады....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар