» » Google компаниясы жасаған өзін өзі басқаратын автомобиль жол апатына ұшырады

Google компаниясы жасаған өзін өзі басқаратын автомобиль жол апатына ұшырады

Google компаниясы жасаған өзін өзі басқаратын автомобиль жол апатына ұшырадыGoogle компаниясы жасаған өзін өзі басқаратын автомобиль сынақ кезінде алғаш рет жол апатына ұрынды, деп хабарлайды Би-Би-Сиагенттігі.
Компанияның хабарлауынша, машина сынақ кезінде жүріп келе жатып автобусқа соғылған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді. Көліктің алдыңғы жағы майысып, қозғалысын бақылайтын электрондық құрылғысы істен шықты.
Сынақ кезіндегі мәліметтерге жүгінсек апат кезінде көлік сағатына үш шақырым жылдамдықпен келе жатса, автобус сағатына 20 шақырымнан астам жылдамдықпен жүрген. Оқиғаға автобустың көлікті өткізіп жібереді деген компьютердің қате шешімі себепші болған.
Компания болған оқиғаға жауапты екендіктерін мойындап, компьютер қателігін болдырмау үшін жүргізушінің басқаруынсыз жүретін көліктің бағдарламалық қамтылымын өзгертуге уәде берді.
Өздігінен жүре беретін көлікке Lexus RX450 автомобилі пайдаланылған. Оны сынау Калифорния штатында жүргізілуде.
 
Дереккөз: ҚазАқпарат
Категория: Авто
Просмотров: 226
Похожие новости:
АҚШ-та өгей әкелерінің қолынан мерт болған қос жеткіншек Көкшетауда туған

АҚШ-та өгей әкелерінің қолынан мерт болған қос жеткіншек Көкшетауда туған

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі АҚШ азаматтары асырап алған қазақстандық балалардың қазасына байланысты көңіл айтып, мерт болған қос жеткіншектің Көкшетауда туғанын және Щучьедегі Сәбилер үйінде тәрбиеленгенін мәлімдеді...

2015 жылы қазақ тойларында ең көп сұранысқа ие болған шетел жұлдыздары анықталды

2015 жылы Қазақстанда ең көп сұранысқа ие болған шетел жұлдыздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Allstars.kz агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда 50 шақты компания шетел әншілерінің қойылымдарын ұйымдастырады....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Көп оқылғандар
alashinform.kz
  • ТОП жаңалықтар
  • Соңғы оқиғалар